$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2020, 00:54
Жаңалықтар

Коронавирус: Алматыдағы әскери госпитальдан соңғы науқас сауығып шықты

Әскери госпитальда 800-ге жуық адам емделіп шықты

Коронавирус: Алматыдағы әскери госпитальдан соңғы науқас сауығып шықты
Фото: баспасөз қызметінен

Алматыдағы әскери госпитальда коронавирус жұқтырған соңғы науқас сауығып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери госпитальда 800-ге жуық адам, оның ішінде әскери қызметкерлер емделіп шықты.

«Науқастардың шамамен 40 пайызы сырқаттың ауыр ағымымен қабылданған, сонымен қатар науқастардың жартысынан көбі коронавирустық инфекциядан бөлек қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары, эндокриндік патология секілді сырқаты бар егде жастағы адамдар болды. Әскери дәрігерлердің алдындағы міндеттердің бірі – аурудың асқынуының алдын алу және емдеу жүргізу еді», - делінген хабарламада.

Әскери-медициналық мекеме бастығының айтуынша, госпитальдің материалдық-техникалық базасы науқастардың орналасуы мен тамақтану мәселелерімен қоса алғанда емдік-диагностикалық процесті толық көлемде жүргізуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары