Ақтөбеде мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңге ұрланған
Бұл қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап.
«Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданында мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені мердігер ұйым басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы ұрлады деген күдікке ілінді»,- деп жазылған ақпаратта.