Қызылордада мектеп директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды
Сот үкімімен Тастанбекова кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды

Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
«Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінді», - делінген хабарламада.
Осы жылдың 4 қарашасында Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.