Jýsan Bank басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды
Еске салсақ, 2019 жылдың 6 ақпанында «Цесна» қаржылық холдингі» АҚ «Цеснабанк» бақылаушы пакетін First Heartland Securities компаниясына сатты

«First Heartland Jýsan Bank» (Jýsan Bank) АҚ басқармасының төрағасы болып Айбек Қайып тағайындалды. Бұл туралы қаржылық ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
«First Heartland Jýsan Bank» (Jýsan Bank) АҚ директорлар кеңесінің кезекті жиналысында банк басқармасының жаңа төрағасы болып Қайып Айбек Төребекұлы тағайындалды», - делінген хабарда.
Айбек Қайып 2016 жылдан бері инвестициялық және қаржылық компанияларда басшылық қызметтерде болған. 2018 жылы First Heartland Capital инвестициялық компаниясы басқармасының төрағасы, ал 2019 жылы – Jýsan Bank басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
Еске салсақ, 2019 жылдың 6 ақпанында «Цесна» қаржылық холдингі» АҚ «Цеснабанк» бақылаушы пакетін First Heartland Securities компаниясына сатты. 22 сәуірде «Цеснабанк» АҚ мен «First Heartland Bank» АҚ бірігуі мүмкін екені хабарланды. 29 сәуірде белгілі болғандай, «Цеснабанк» атауы First Heartland Jýsan Bank болып өзгертілген. Ал, 2 қыркүйекте «Цеснабанк» First Heartland Bank-тен Jýsan Bank болып өзгертілген бірігу процесі толық аяқталған.