Қанат Ислам биыл жекпе-жек өткізбейді

Жарияланған:
06.11.2019, 15:36

Боксшының шаршы алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы жекпе-жегінде жарақат алған кәсіпқой боксшы қазір ем алып жатыр. «Qazaq Promotion» компаниясы өкілінің айтуынша, алдағы жоспардың барлығы спортшының сауығып кетуіне байланысты. 26 қазан күні номбиялық Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасу кезінде жарақат алған боксшы екі аптаға жуық ем қабылдап жатыр. Ал, бокс кешінен түскен қаржының бір бөлігі алдағы уақытта қайырымдылыққа жұмсалады, - дейді компания өкілі.

«WBO рейтингінде Қанат Ислам 8-орынды сақтап қалды. 2020 жылдың жоспары боксшы толық сауығып шыққан соң құрылады. Ол күндізгі стационарға барып физиотерапия, өзге де ем шараларын алып жүр. Осы жекпе-жектен қанша гонорар алғанын айта алмаймыз. Ол құпия. Ал билеттен түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады. Қанат Ислам бұған дейінгі 5 шілдеде өткізген кездесуінен түскен табысына көп балалы анаға Нұр-Сұлтан қаласынан пәтер алып берген. Бұл жолы да сондай жоспарымыз болған»,- деді «Qazaq Promotion» компаниясының өкілі.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
5 жылда Қазақстанға 130-дан астам адам экстрадицияланды – Тұрғымбаев
Сапарбаев: Біз жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек
Ауыз су мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.