$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2019, 16:08
Жаңалықтар

Тәжікстанның шекара бекетіне қарулы шабуыл жасағандардың кім екені белгілі болды

Тәжікстанның шекара бекетіне қарулы шабуыл жасағандар ДАИШ содырлары екені анықталды

Тәжікстанның шекара бекетіне қарулы шабуыл жасағандардың кім екені белгілі болды
Федеральдық жаңалықтар агенттігі

Тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасағандар ауғанстандық лаңкестер екені белгілі болды, деп хабарлайды РИА Новости ақпаратына сілтеме жасаған Azattyq Rýhy тілшісі. ДАИШ (Қазақстан  аумағында тыйым салынған) содырлары лаңкестік әрекетті алдын ала жоспарлағандарын айтқан.

«3 қарашада 20 содыр Шаартуз шекара жасағынан Кубодиен аумағына өткен және жарылыс жасауды жоспарлаған», - делінген Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік Мемкомитетінің шекара әскері басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталғандар Тәжікстанда бейберекетсіздік орнатып, жарылыстар ұйымдастырмақ болған. Тәжікстанның Өзбекстанмен мемлекеттік шекарасының ұзындығы 1330 шақырымнан асады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін оның шамамен 20% делимитацияланбаған. Өткен жылдың наурыз айында екі елдің президенттері шекараның жекелеген учаскелері туралы келісімге қол қойды.

Оқи отырыңыз: Тәжікстандағы шекара заставасына шабуыл жасалып, 17 адам қаза тапты

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары