Алматы облысында ұрлаған ақшасын іш киіміне жасырған жігіт ұсталып қалды

Күдіктінің бұған дейін де ұрлық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды

Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны шағын несие беру мекемесіне жасырын кіріп, ақша ұрлап жатқан жерінен ұсталып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Мекеме қызметкерлері шақырусыз келген қонақты өздері ұстаған. Түскі үзілісті пайдаланған жігіт кассадан 50 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап, шұлығы мен іш киіміне жасырған. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де ұрлық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге қылмыстарға қатысы бары анықталуда», - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, биыл Алматы облысы аумағында 5 мыңнан астам өзгенің мүлкін ұрлау дерегі ашылып, 10 млн 600 мың теңгеден астам материалдық шығын өндірілген. Оның ішінде, Талғар ауданында 724 ұрлыққа қатысы бар азаматтар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Загрузка новостей...
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты