06.11.2019, 04:19
Жаңалықтар
Сириядағы лагерлерде 60-тан астам елдің балалары бар
Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, олардың 80%-ы - 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер екен
Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерлерде 60-тан астам елдің 28 мыңға жуық баласы өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың 20 мыңдайы Ирак азаматтары. БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Генриетта Фор осындай мәлімдеме жасады.
Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, олардың 80%-ы - 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер екен. Осыған байланысты, Генриетта Фор әлемдік қауымдастықтан олардың отанына оралуы үшін қажетті шараларды қолға алуға шақырды.
Ал ресми дерекке сүйенсек, Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерлерден осы уақытқа дейін тек 650 бала ғана еліне оралған екен.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды