6 қарашаға ауа райы болжамы

Жарияланған:
06.11.2019, 02:27

Cиноптиктер сәрсенбі күні еліміздің кей өңірінде жаңбыр мен қар жауатынын айтты

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел, тұман, бұрқасын болады. Бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik-ке сілтеме жасап.

Синоптиктер сәрсенбі, 6 қараша күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауатынын айтты. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста бұрқасын болуы мүмкін.

Сәрсенбі күні Қостанай және Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында да жылдамдығы 15-20 м/с қатты жел соғады.

Метеорологтар Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болатынын айтып отыр. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тұман және көктайғақ, Шығыс Қазақстанда бұрқасын болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман түседі. Маңғыстау, Түркістан өңірлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетеді.

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды. 6 қараша күні тұман және көктайғақ болады. Түнде минус 3-5 градус, күндіз 0-2 градус салқын.  

Алматыда да түнде -3, күндіз 3-5 градус болады. Күн құбылмалы.

Шымкентте түнде 4-6 градус салқын болады, күндіз 5-7 градус жылы.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Мектептерде бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер бекітіледі
Су, газ, жарық және жол мәселесі: Шымкент билігінің жоспары қандай?
Алматыда жүздеген наубайхана санитарлық талапқа сай келмейді

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов