Қазақстанда өткен тәулікте 267 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 103300-ге жетті

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 267 адамнан анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- ауру белгілерімен 144,
- ауру белгілері жоқ 123 адам.
Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 35 / 1
Алматы қаласы - 39 / 19
Шымкент қаласы - 2 / 1
Ақмола облысы - 13 / 7
Ақтөбе облысы - 3 / 2
Алматы облысы - 5 / 4
Атырау облысы - 14 / 13
Шығыс Қазақстан облысы - 30 / 11
Жамбыл облысы - 10 / 4
Батыс Қазақстан облысы - 22 / 13
Қарағанды облысы - 32 / 23
Қостанай облысы - 16 / 7
Қызылорда облысы - 1 / 0
Маңғыстау облысы - 7 / 6
Павлодар облысы - 7 / 3
Солтүстік Қазақстан облысы - 24 / 4
Түркістан облысы - 7 / 5 адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 103300 - ге жетті.