$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2020, 05:39
Жаңалықтар

18 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

18 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

18 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді,

Қостанай, Қарағанды облыстарының – тұман күтіледі.

Қызылорда, Атырау облыстарының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады

Серіктес жаңалықтары