$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2020, 03:04
Жаңалықтар

Жезқазғанда терракт ұйымдастырмақ болған «ДАИШ» өкілдері ұсталды

Лаңкестер адам көп шоғырланған жерде көлік жармақ болды деген де күдік бар

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тағы бір лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Қазақстан аумағында тыйым салынған  «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы өкілдері Жезқазғанда терракт ұйымдастырмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Тергеу құпиялығына байланысты, аты-жөндері өзгертілген Қуандықов, Ақмолов және Әсенов есімді азаматтар 2018 жылы өздері сияқты теріс ағымдағы тағы екі жігітті қатарларына қосып, полицияға шабуыл жасамақ болған. Сондай-ақ олар бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекет  жоспарлаған. Террорлық шабуылдар жасау үшін қару-жарақ іздестіріп жүрген кезде Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің назарына іліккен. Лаңкестер адам көп шоғырланған жерде көлік жармақ болды деген де күдік бар», - деп жазылған телеарна сайтындп.

Нәтижесінде ұйымның 5 мүшесі ұсталды. Қылмыстары дәлелденіп, топ белсенділері 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Сотталып кеткен қылмыскерлердің әрқайсысының кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.

Серіктес жаңалықтары