Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні белгілі болды
Түркия 92 мемлекетпен келіссөз жүргізді

Түркия 92 мелекетпен әуе қатынасын қайта қалпына келтіру туралы келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері 1 қыркүйектен бастап қайта жанданады.
Қазіргі таңда Түркиядан 49 мемлекетке әуе рейсі қатынайды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы екі аптаға тоқтатылғаны хабарланған еді. Одан кейін Анкарада Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ҚР делегациясы Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.