Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы екі аптаға тоқтатылды
Әуе рейстерін қайта бастау туралы шешім пандемия жағдайын ескере отырып қабылданады
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы екі аптаға тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазақстандағы Түркия Елшілігіне сілтеме жасап.
«Түркия 2020 жылдың 5 тамызында бірқатар елдермен, соның ішінде Қазақстанмен халықаралық әуе компаниялардың жолаушылар рейстерін орындауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған. Бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компанияларды қамтиды. Шешім қабылданғаннан кейін 2020 жылғы 5 және 6 тамыз күндерінде жоспарланған соңғы өзара рейстер қажетті рұқсаттармен орындалды», - деп жазылған хабарламада.
Әуе рейстерін қайта бастау туралы мәселе пандемия жағдайына және елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.