Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды

Бұл туралы Иран Ислам Республикасы Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді

Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды
Фото: © istockphoto.com

Иран АҚШ-пен дипломатиялық байланыстарды Тегеранның талаптары орындалмайынша қайта бастауға ниетті емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап. 

Иран АҚШ-пен келіссөз бастау үшін Вашингтонға жеті шарттан тұратын талаптар тізімін ұсынған. Бұл туралы Иран Ислам Республикасы Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тегеран Вашингтон өз талаптарын орындамайынша, ресми келіссөздер жүргізуге ниетті емес. Сондай-ақ Резаи ұсынылған шарттардың бұған дейінгі Исламабад меморандумының мазмұнынан өзгеше екенін атап өтті.

«АҚШ Иранның талаптарын орындамайынша, ешқандай келіссөз болмайды», – деді Мохсен Резаи.

Сонымен қатар Иран тарапы АҚШ-ты әскери қақтығыстар үшін жауапқа тартуды көздеп отыр. Резаи Тегеранның бұл жағдайға жауап бермеуі басқа мемлекеттерге де осындай шабуылдар жасауға жол ашатын жағымсыз прецедент қалыптастыруы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы бере бастаған. Бұған жауап ретінде Тегеран қарымта шабуылдар жасаған. Маусым айының ортасында тараптар әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы меморандумға қол қойғанымен, кейін әскери текетірес қайта жанданды. Қазіргі уақытта мемлекеттер арасындағы қақтығыс реттелмеген.