15.08.2020, 12:59
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 21 миллионнан асты
760 мыңнан астам адам көз жұмды
Фото: reuters.com
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 21 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Университет мәліметінше, COVID-19 инфекциясынан 761 мыңға жуық адам көз жұмып, 13 миллионнан астам адам жазылып шыққан.
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондықта АҚШ (5,3 млн), Бразилия (3,2 млн), Үндістан (2,5 млн), Ресей (912 мың), Оңтүстік Африка (579 мың), Мексика (511 мың), Перу (498 мың), Колумбия (445 мың), Чили (382 мың), Испания (342 мың) тұр.
Көп оқылған
29.03.2026, 17:48
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
29.03.2026, 16:53
Жетісу облысында қараусыз қалған екі жасар бала жол жиегінен табылды
29.03.2026, 17:26
Көкшетауда пәтерде қамалып қалған ер адам құтқарылды
29.03.2026, 23:11
Есік қаласындағы жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атты (ВИДЕО)
29.03.2026, 16:13
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі