$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2020, 14:32
Жаңалықтар

Марқакөл жағалауында балық инспекторлары тәулік бойы кезекшілік етеді

Жыл басынан бері ШҚО-да 300-ден астам баконьерлік фактісі тіркелген

Марқакөл жағалауында балық инспекторлары тәулік бойы кезекшілік етеді
Фото: баспасөз қызметінен

ШҚО-да Марқакөл көлінің жағалауы қоршауға алынды. Өңірде балық инспекторлары тәулік бойы бақылау бекетінде жұмыс істейді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 300-ден астам браконьерлік фактісі тіркелді. Балықтың уылдырық шашу кезеңінде 32 әкімшілік іс қозғалды. Облыстың жағалауда орналасқан бірнеше аудандарының тұрғындары жауапқа тартылды. Заңсыз балық аулаушылардан 300 келіден астам балық алынды. Браконьерлік қызметтен түскен шығын биыл 4 миллион теңгені құраған», - делінген хабарламада.

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Фархат Байбазаровтың айтуынша, Марқакөлде 10 бекет орнатылды.

Серіктес жаңалықтары