$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2020, 15:48
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын онлайн қабылдады

Тұрғындар тұрғын үй, спортпен айналысу үшін жағдайды жақсарту секілді мәселелерді көтерді

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын онлайн қабылдады
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Азаматтарды тұрақты түрде онлайн қабылдап жатырмыз. Бүгін қала тұрғындары тұрғын үй, спортпен айналысу үшін жағдайды жақсарту және т.б. мәселелерді көтерді», - деп жазды әкім Instagram-дағы п арақшасында.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемін арттырылады.

«Әлеуметтік пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға,(халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына беріледі. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен« бірлесе дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер және т. б. үшін бірқатар тұрғын үй саламыз. Сондай-ақ, спорт нысандарын ашу және спортпен айналысуға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Сұрақтар жоспарға бекітілді», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары