Қарағандыда жолаушылар автобусы отқа оранды

Бүгін сағат 14:20 шамасында Бұқар жырау көшесінде жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік өртенді

Қарағандыда жолаушылар автобусы отқа оранды
Фото: ІІМ

Бүгін сағат 14:20 шамасында Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау көшесінде жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік өртенді. Төтенше жағдай «45 квартал» аялдамасының маңында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық сектор аумағын патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері №01 бағытта қатынайтын автобустың қозғалтқыш бөлігінен түтін мен жалын шыққанын байқаған. Тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, салондағы жолаушылар мен 51 жастағы жүргізушіні қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Одан кейін полицейлер қолда бар өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды ауыздықтауға кірісіп, өртті толықтай сөндірді.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Патрульдік жасақтың жедел әрекетінің арқасында жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.