Бүгін, 13:40
Жаңалықтар
Ақтөбеде тұрғын үйге жапсарлас салынған гараж өртенді
Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған
Фото: ТЖМ
Ақтөбе қаласында жер үйге жапсарлас салынған гараждың шатырынан өрт шықты. Оқиға 29 қарашаға қараған түні шаһардың Алматы ауданына қарасты Жібек жолы шағын ауданында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынның тұрғын үйге таралуына жол бермей, өртті толық сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
