Ақмола облысындағы тасжолдарда қозғалыс 15 қараша таңына дейін шектелді

Жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің барлық түріне шектеу енгізілді

Ақмола облысындағы тасжолдарда қозғалыс 15 қараша таңына дейін шектелді
Фото: istockphoto.com

14 қараша, сенбі күні сағат 19:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар тасжолда жазғы дөңгелекпен жабдықталған көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Шектеу республикалық маңызы бар мына автожол учаскелеріне қатысты енгізілді:

  • Көкшетау – Атбасар тасжолының 0–184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы);
  • Щучинск – Зеренді тасжолының 0–77 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Зеренді ауылы);
  • Астана – Көкшетау (айналма жол арқылы) – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) автожолының 232–302 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы).

Жол қозғалысын 15 қараша күні сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Еске салайық, синоптиктердің болжамынша, 14–16 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, күн райы күрт өзгеретіні ескертілді.