Атырау облысында 350 адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Жазаның ұзақтығы 10 сағаттан 100 сағатқа дейін белгіленген

Атырау облысында 350 адам қоғамдық жұмысқа тартылды
Фото: © istockphoto.com

Атырау облысында жыл басынан бері әкімшілік жауапкершіліктің жаңа түрі – қоғамдық жұмыстарға жегілген тұрғындардың саны артты. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жаза қандай тәртіп бұзушылықтар үшін тағайындалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап әкімшілік жазаның жаңа түрі – қоғамдық жұмыстар қолданысқа енгізілді. Бұл жаза сот шешімімен ұсақ бұзақылық, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар, қоғамдық орындарды ластау, алкогольдік ішімдіктер ішу және басқа да заңбұзушылықтар үшін тағайындалады.

2026 жылдың басынан бері Атырау облысында 350 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Құқықбұзушылар тұрғылықты жері бойынша ақы төленбейтін қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқарады. Жазаның ұзақтығы 10 сағаттан 100 сағатқа дейін белгіленген.

Егер азамат қоғамдық жұмысты орындаудан жалтарса, одан бас тартса немесе дәлелді себепсіз жұмысқа келмесе, оған қатысты қосымша жауапкершілік қарастырылған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл шара қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.