Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды
Ол Астанаға Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін келген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Айта кетейік, бүгін Астанада Ақаба процесінің «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған саммиті өтті. Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, күні кеше Астанаға келген Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сол сияқты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Ақаба процесі – Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама. Бұл алаңда мемлекет басшылары, арнайы қызметтер мен әскери ведомстволардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосып, қауіп-қатерлерге қатысты мәселелерді талқылайды.