Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды

Маржан Бақтиярқызы бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеген

Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды
Фото: Pro Kadry KZ

Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы  модераторы Маржан Бақтиярқызы Қорғаныс министрінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Pro Kadry KZ дереккөзі жазған. хабарлаған. Ондағы мәліметке сүйенсек, Маржан Бақтиярқызы коммуникация саласында он жылдан астам жұмыс істеп келеді.

Соның ішінде, 2019 жылдан бері Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде еңбек еткен.

Айта кетейік, жуырда біз Жаңа Қорғаныс министрі жігіттердің патриоттық сезімін нығайту үшін жұмысқа Ринат Зайытты шақырғанын жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әскерінде ауқымды реформа басталды. 

Оған жуырда Каспий теңізіндегі 14 сарбаздың өлімі себеп болды. Дәлірек айтсақ, биыл қыркүйектің 24-і күні Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында ауа райы бұзылып, 17 сарбаз суға кеткен. Өкініштісі, олардың 14-і қаза тауып, 3-еуі ғана аман қалған. Оқиғаға байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу барысын ерекше бақылауына алды. Қорғаныс министрлігі көп ұзамай қаза тапқан сарбаздардың аты-жөнін жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы сарбаздардың өліміне қатысты 25 қыркүйек күні Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

25 қыркүйек күні тергеу жұмысына салғырт қарағаны үшін Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасын кісендеп әкетті.

Екі күннен кейін Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты орнынан алып тастады. Дәл сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Бірнеше күн бұрын Қауіпсіздік кеңесі әскердегі реформаға қатысты жаңа әрі нақты жоспар ұсынған. Ол жоспарға сай, енді әскердегі сарбаздар алты ай оқу орталығында, алты ай әскери бөлімде борышын өтейді. Бұл жоспарды президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған. 

Сондай-ақ бұл жоспарға Қазақстанда әскери омбудсмен пайда болмақ.