10.08.2020, 00:58
Жаңалықтар
Ақтауда саунаға барған 40-қа жуық адам ұсталды
Сауна шектеулерге қарамастан жұмыс істеген
Фото: баспасөз қызметінен
Ақтауда саунаға барған 40-қа жуық адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 тамызда түнгі сағат 23.00 шамасында криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері арнайы жедел ден қою жасағының қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтаудағы 22-шағын ауданындағы саунадан қырыққа жуық адамды ұстады. Тексеру барысында полицейлер саунаның шектеулерге қарамастан жұмыс істегенін және 15 кабинаның бос емесін анықтады», - деп жазылған хабарламада.
Карантин ережелерін бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)