$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.08.2020, 23:59
Жаңалықтар

ШҚО-да банк менеджері 4,5 млн теңге жымқырған

Ол клиенттердің ақшасын өз шотына аударып келген

ШҚО-да банк менеджері 4,5 млн теңге жымқырған
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда банк менеджерінен 80-нен астам тұрғын зардап шеккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

«Өскемен қалалық полиция басқармасында лауазымын асыра пайдаланып, ұрлық жасады және алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 28 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс өндірісі аяқталды. Күдікті банк бөлімшесінде банк карталары жөніндегі менеджер қызметінде 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол банк клиенттеріне төлем карталары бойынша қызмет көрсетіп келген», – деп жазылған хабарламада.

Күдікті қызметтік лауазымын пайдалана отырып, клиенттердің ақшалай қаражатын өз шотына аударып келген, сондай-ақ клиенттерге жалған ақпарат бере отырып, банктің 89 клиентіне қатысты бірқатар қылмыс жасаған. Тергеу барысында 4,5 млн теңгеге қатысты арыз түсті.

Серіктес жаңалықтары