10 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
10 тамыз күні Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы күшейіп, 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 25 м/с жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысында да найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
10 тамызда Алматы облысында күн ыстық болады. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.