$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2019, 11:29
Жаңалықтар

Актриса Раиса Мұхамедиярова 80 жасында дүниеден озды

Барша көрермен сүйіп көретін «Менің атым Қожа» фильміндегі Хадиша Майқанованың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

Актриса Раиса Мұхамедиярова 80 жасында дүниеден озды
sputniknews.kz

Театр және кино актрисасы Раиса Мухамедиярова дүниеден озды. Қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының баспасөз қызметшісі Ернат Ысқақ хабарлады. Актриса аталмыш театрда 1995-2002 жылдары қызмет еткен.  

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса. Раиса Мұхамедиярова «Песня зовет», «И в шутку и всерьëз», «У подножья Найзатас», «Однажды и на всю жизнь», «Человек-олень» фильмдеріне түскен. Оның таланты мен сұлулығын бағалаған замандас-әріптестері қазақтың Джина Лоллобриджи́дасы деп атаған. 

Раиса Мұхамедияровамен қоштасу рәсімі 7 қараша күні сағат 10.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында (Абылай хан даңғылы,38) болады.

Айта кетейік, 1964 жылы Раиса Мұхамедиярова қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8 жыл некеде болған.

Серіктес жаңалықтары