Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы ұзақ уақыт пара алып келген

Жарияланған:
05.11.2019, 11:21

Сот үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды 

фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Нұр-Сұлтан қ. «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Нұр-Сұлтан қ. №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол үкіммен пара бергені үшін Култаеваға К.К. 200 мың, Сығаеваға С.Д. – 300 мың, Исамидиновке И.И. - 250 мың тенге көлемінде айыппұл салынды.

Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
VIP спикер 15 миллион теңге гонорар сұраған: «Almaty Invest» форумына қанша қаржы жұмсалады?
Қазақ-Қырғыз шекарасындағы Қордай бекеті 2020 жылы күрделі жөндеуге жабылады
Қытаймен трансшекаралық өзендер жөніндегі келіссөз қиын жүріп жатыр – Экология министрі

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов