$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.08.2020, 04:24
Жаңалықтар

TikTok компаниясы АҚШ билігімен соттаспақ

Жақында Трамп бұл қосымшаға тыйым салған еді

TikTok компаниясы АҚШ билігімен соттаспақ
Фото: Reuters.com

TikTok компаниясы Америка президенті Дональд Трамптың АҚШ аумағында қосымшаға тыйым салу туралы қаулысын сотқа берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі NPR-ге сілтеме жасап.

Сотқа берілген өтініште АҚШ президентінің әрекеті Конституцияға қайшы келетіні, ал компанияға қатысты сын дәлелденбегені айтылған. 

Ақ үй бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті әлеуметтік желі арқылы Қытай билігі тыңшылық жасауы мүмкін деп есептейді және жақында ол танымал TikTok әлеуметтік желісінің иесі ByteDance компаниясымен жасалатын кез келген келісімге тыйым салу туралы қаулыға қол қойды. 45 күннен кейін күшіне енетін санкция АҚШ қауіпсіздігіне әлеуметтік желі тигізетін залалдың алдын алуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары