$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.08.2020, 02:49
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов: биыл 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады

Қала әкімі биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп құрылыс пайдалануға берілетінін жазды

Алтай Көлгінов: биыл 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады
Фото: astana.gov.kz

Алтай Көлгінов «Территория комфорта-1» құрылыс барысымен танысты. Бұрын үй апатты деп танылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп құрылыс пайдалануға берілетінін жазды.

«Территория комфорта-1» нысанының блоктары бұзылған жерде құрылыс жұмыстары қайта басталды. Кейбір блоктарда жұмысшылар қада қағу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2004 жылы басталып, одан кейін тоқтап қалған болатын. Ешқандай талаптарға сәйкес келмегендіктен, бұл үй апатты деп танылды. Мұндағы үлескерлер саны 500-ден астам адамды құрайды. Биыл өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілетін үй саны екі есе көп, яғни 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары