Қазақстандық әскери дәрігерлер жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшты
29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Ливанға Ақтаудан ұшты
Кеше ҚР Президенті – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 тамызда ҚР Президенті – ҚР ҚК Бас қолбасышысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсем, 4 тамызда Ливанның Әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қатты жарылыс болып, 150-ден кеп, қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, алайда ауруханалар толы болғандықтан зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмайды.