«Бақытты өмір сүруді ойлайтындарға қызығамын»: Бадықованың жаңа күйеуі жұртты ойға салды (ВИДЕО)
Бадықова ресми түрде тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, жұрттан оны сөкпеуді сұрайды
Танымал актер Олжас Абай өнердегі әріптесі Дариға Бадықовамен көңіл жарастырып, шаңырақ көтергеннен кейін арнайы жазба жариялап, жұртты ойға салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жай ғана бақытты өмір сүруді ойлайтын адамдарға қызығамын. Тіпті, сондай болсам ғой деп қиялдаймын», – деп жазды Олжас Абай.
Айта кетейік, Дариға Бадықова ресми түрде тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, оны сөкпеуді сұрағаны хабарланған.
Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын 2025 жылдың күзінде актриса Дариға Бадықованаң сол кездегі күйеуі Дархан Мұсаев екеуінің ажырасқанын мәлімдеген еді. Ол әйелі Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» атты кинодан кейін сол фильмдегі басты рөлді сомдаған Олжас Абаймен көңіл жарастырды деп айыптап, сұхбат берген.