«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз»: Дариға Бадықова ресми түрде тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, оны сөкпеуді сұраған
Олар жақындарының арасында кішігірім той жасаған
Актер Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова ресми түрде ерлі-зайыпты атанған көрінеді, деп жазады Azattyq Rýhy
Демалыс күндері әлеуметтік желіде Динара Бадықоваға сырға салып жатқан видеоға тараған еді. Алайда, видео өшіп қалған. Дегенмен, актриса әлеуметтік желідегі жеке парақшасына сурет пен видео жүктеп, өзін сөкпеуді сұраған.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», - деп жазыпты актриса.
Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын 2025 жылдың күзінде актриса Дариға Бадықованаң сол кездегі күйеуі Дархан Мұсаев екеуінің ажырасқанын мәлімдеген еді. Ол әйелі Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» атты кинодан кейін сол фильмдегі басты рөлді сомдаған Олжас Абаймен көңіл жарастырды деп айыптап, сұхбат берген.
Алайда ол қоғам тарапынан хейтке ұшырады. Кейін Бадықова ауқымды сұхбат бергенін, бірақ, оны жария етпейтінін айтып, шуды тоқтатқан.