$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 22:27
Жаңалықтар

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған

Олар блокпостты айналып өтіп, көлге барған

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған
Фото: facebook.com

Ақмола облысында отбасылық жұп блокпостты айналып өтіп, Көбейтұз көліне барған. Сонымен қатар олар көлдің лай балшығын күрекпен қазып, бірнеше шелекке салып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология министрлігі ІІМ мен жергілікті әкімдіктерге заңбұзушыларды жедел жазалау шарасын қолға алу және көлді қосымша қорғау туралы өтініш жолдайды. Сонымен қатар министрлік ел азаматтарына мұндай әрекетке бармай, керісінше қоршаған ортаны қорғауда ұқыптылық танытуға шақырады.

 

«ҚР Экология министрлігі БАҚ өкілдерінің қатысуымен көлге рейд ұйымдастырды. Рейдке қатысқан Ерейментау ауданы әкімдігінің айтуынша, жақында ғана олар волонтерлермен бірлесіп көлді қоқыстан тазартқан. Алайда, соған қарамастан тұрғындар әлі де санасыздық танытуда», - дейді ҚР Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ыбраева. 

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі карантинге жабылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Көбейтұз