Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі карантинге жабылды
Сонымен қатар Ерейментау ауданындағы көлдердің бәріне баруға тыйым салынды
Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы демалыс күндері халық көп шоғырланған «Көбейтұз», «Теңіз» көліне рейд өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Аудан әкімі Абай Еламанұлы көлде демалушылармен ауданда коронавирустың кең таралуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсініктеме жүргізді.
«Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өршуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Кұрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады», - делінген хабарламада.