$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2020, 23:58
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі

Шектеу шаралары 20 шілдеде күшіне енеді

Маңғыстау облысында қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы тұрғындарының арасында коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаулыға сәйке 20 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Қаулыға сәйкес қалааралық автобус тасымалы, қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.

«Жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат етіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынады. Мәдениет объектілерінің, мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салынады», - деп жазылған қаулыда. 

Сонымен қатар облыста 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беріледі. Сонымен қатар күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00 ден сағат 21:00 аралығында ғана рұқсат беріледі.

«Ашық ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілеріне (жазғы алаңдарда) тыйым салынады. СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне тыйым салынады», - деп жазылған қаулыда.

Серіктес жаңалықтары