07.08.2020, 23:52
Жаңалықтар
ҚТЖ қызметкері қоластындағыларды үйін салуға жұмсаған
Ол жұмысынан қуылды
Фото: ашық дереккөзден
Қоластындағы теміржолшыларды өз үйін салуға жұмсаған ҚТЖ қызметкері жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңаарқа дистанциясының байланыс және сигналдау басшысы Нұрхан Көбдіков карантин кезінде өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, қызметкерлерін өз үйінің құрылыс жұмыстарына жұмсаған. Қызметкердің бұл әрекеті «ҚТЖ»ҰК» АҚ корпоратив құндылықтарына, іскерлік этика кодексіне және басқа да ішкі нормативтік құжаттарға қайшы. Сондықтан 2020 жылғы 7 тамызда Нұрхан Көбдіков жұмыстан шығарылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды