ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

«Комсток құрттары табылды» – Қазақстанға Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды

Шектеу шаралары Қазақстан аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр

Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстанға Өзбекстан Республикасы аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түріндегі уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұндай шешім Өзбекстаннан келген жемістерде карантиндік объектілерді анықтаудың жиілеп кетуінен туындап отыр. Осы жылдың 24 шілдесінен 1 тамызына дейін өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзудың 18 жағдайы анықталды, оның ішінде 3 жағдайында жемістерде Шығыс көбелегі (Grapholitha tolesta Busck), бір жағдайда – Комсток құрттары (Pseudoccus comstocki (Kuwana) табылды», - делінген хабарламада.

Шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Комсток құрты қауіпті карантиндік зиянкес саналады. Ол шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие, лавр,  бадамның өсінділері мен жемістеріне 90%-ға дейін зиян келтіруі мүмкін.

«Құрттың кемірген жері бұтақтардың кебуіне және өлуіне, жапырақтардың, өсімдік жемістерінің сарғаюы мен құлдырауына әкеледі. Жемістің дәмдік сапасы нашарлай түсуде. Жұқтырған ағаштардың жанында өсетін көкөніс дақылдарына құрт қатты шабуыл жасайды. Қызылша шығыны – 35%, картоп шығыны – 42%-ға дейін болады», - делінген министрлік хабарламасында.