$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 16:42
Жаңалықтар

БҚО-да шенеуніктер Арысты қалпына келтіру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырған

Облыстық басқарманың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

БҚО-да шенеуніктер Арысты қалпына келтіру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырған
miid.gov.kz: Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің жөндеуіне бөлінген 50 млн теңгеден астам сомадағы аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырған», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 24 маусымында таңғы сағат 9 шамасында Арыстағы әскери қоймада жарылыс болып, кеңестік кезеңнен бері сақталып келе жатқан алып қоймадағы снарядтар атылып, қаланың астаң-кестеңін шығарған еді. 3 адам оқиға орнында қаза тауып, жараланған 74 адам ауруханаға жеткізілді. Қаладағы 7600-ден астам ғимараттың 85%-ы қирап, жарамсыз боп қалды.

Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі облыстар мен мегаполис басшыларына, Үкіметке астаң-кестеңі шыққан Арысты қалпына келтіруді тапсырды. Нәтижесінде, өңірлік әкімдіктер қаланы 17 секторға бөліп, Арыс қаласын қалпына келтіруге кірісті.

Серіктес жаңалықтары