Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Оған 700 мың теңге пара алды деп айып тағылған
2020 жылдың 27 шілдесінде Түркістан қалалық сотының үкімімен Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Н.Е. Исабек пен осы басқарманың бөлім басшысы Д. Абдуллаеватың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Н. Исабек Түркістан облысының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» МҚКК-ға басшы лауазымына тағайындау үшін делдал Д. Абдуллаевадан 700 000 теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.
Нұрдәулет Еркінұлы Исабек 2019 жылдың 7 ақпанында Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын.
Нұрдәулет Еркінұлы 1974 жылы 29 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Сұраншы батыр атындағы ауылда туған.