$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 19:38
Жаңалықтар

Елордада коронавирус жұқтырған науқастардың 76%-ы емделіп шықты

Ал пневмониямен ауыратын науқастар саны бес есе азайған

Елордада коронавирус жұқтырған науқастардың 76%-ы емделіп шықты

Елордада коронавирус жұқтырған науқастардың 76%-ы емделіп шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бүгін қалалық әкімдікте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің медицина ұйымдарының басшыларымен кеңесі өтті. Кездесу барысында коронавирус инфекциясы бойынша қазіргі ахуал талқыланды.

Бүгінгі күні қалада 12 530 КВИ жағдайы тіркеліп, оның ішінде 9 629 адам (76%) емделіп шықты.

Карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде емханаларда эпидемиологиялық ахуал жақсарып, пневмониямен сырқаттанушылық төмендегені байқалады. Пневмониямен ауыратын науқастар саны бес есе азайды.

«Сондай-ақ карантин кезінде, яғни 6 шілдеден бастап стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 4,4 есе азайып, төсек-орын қорының жүктемесі 90%-дан 25%-ға дейін төмендеді. Коронавирус инфекциясы расталып ауруханаға жатқызылғандар саны 4,3 есе азайды. Жедел жәрдем шақыру саны 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендегені байқалады», – делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Кеңес қорытындысы бойынша, қала әкімінің орынбасары Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина мекемелерінің басшыларына DamuMed қосымшасы мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сапалы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары