Тоқаев Оман сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды

Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді

Тоқаев Оман сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды.

«Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман Сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.