Ақтөбеде 7 мыңнан астам шаруа қожалығы банкрот болу алдында тұр

Жарияланған:
05.11.2019, 09:17

Үкімет уәде еткен субсидияны күтуден шаршаған шаруалар қолдағы малды түгел сойып, етке өткізуден басқа амал жоқ деп отыр

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде шаруалар алаңға шықты. Олар Үкімет уәде еткен субсидияны күтуден шаршаған, - деп хабарлайды Астана телеарнасы. Айтуларынша жеті мыңнан астам шаруа қожалығы құлдырау алдында тұр. Әбден шығынға баттық деген қожалық иелері қолдағы малды түгел сойып, етке өткізуден басқа жол жоқ деп отыр.

Алаңға жиналған шаруалардың көпшілігі Үкіметке иек артып «Сыбаға»,«Ырыс» бағдарламасымен мал өсіріп отырғандар. Бірақ мемлекеттің субсидиясы берілмей күйлері қашқан. Уәде орындалмағалы қарызымыз қауғаланып, шығынға баттық дейді.  

«Менде «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүт өңдіретін ферма бар. Маған асыл тұқымды малды ұрықтандырып, көбейтуге субсидия бөлінген. Бізге сүт фермаларына субсидия беруді тоқтатты. Мен енді сол малдың барлығын сойып етке тапсырамын. Басқа амалым қалмады», - дейді Кәсіпкер Руслан Сүйіншалин.  

Шаруалардың айтуынша, шығынның өсуіне, биылғы қуаңшылықтың да әсері бар. Қазір жем-шөптің бағасы шарықтап тұр. Ал етті өткізу құны сол қалпында екен.

«Бүгінгі талабымыз біздің үкімет өзінің айтқан субсидиясын төлесе екен дейміз. Өйткені барлық шаруалар банкроттың алдында тұр. Еттің бағасын білесіздер үкімет көтертпей отыр.Біздің тапсыратынымыз 1250 теңге. Қалғанын базарларда көбісі айтады 1500 теңгеден сатады деп, ол алыпсатарлардың ісі», - дейді кәсіпкер Самат Қалдығұлов.  

Шаруаларға басу айтып, бұл алаңға шенділер де жетті.

«Бүгінгі күні 19 жыл да аяқталып қалды. Біз фермерлерге 3,7 млрд теңге қарызбен кіріп отырмыз. Бұл қаржыны бүгін ауыл шаруашылығы министрлігі берілетіндігін хабарлады. Біз сол 2020 жылдың ақпан-наурызында толық құтылып боламыз деген жоспарымыз бар», - деді . Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Панабек Бибімұратов.

Шаруалардың бейбіт ереуіліне көрші облыстардың да қожалық иелері қатысты. Ал Солтүстік облыстардан шыққан шаруалар қатты боранда жолда қалып, бұл жиынға жете алмады. Жиналғандар болса өзара қол жинап, наразылықтарын Президентке жеткізбекші.
 

Тегтер: #Ақтөбе
Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Қазақстан Қытайға қанша қарыз?
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Футболдан Қазақстанның 2019 жылғы үздіктері анықталды

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.
Бүгін әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешінінде үлкен теннистен қайырымдылық матчын өткізеді