$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2019, 03:24
Жаңалықтар

5 қарашаға ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

5 қарашаға ауа райы болжамы

5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік Каспий циклонымен және атмосфералық фронттар әсерінен кей өңірлерде жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыста түнде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады.

Ал Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді. Қызылорда, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ болыа, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады.

Серіктес жаңалықтары