$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 23:46
Жаңалықтар

Ақмола облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Генерал-майор Арманбек Баймурзин бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаментіне жетекшілік еткен еді

Ақмола облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ақмола облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Генерал-майор Арманбек Баймурзин бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаментіне жетекшілік етті. Осы жылдың қазан айынан бері Ақмола облыстық Полиция департменті бастығының міндетін уақытша атқарып келді. Өйткені, бұған дейін өз орынбасары мен қаржы басқармасының басшысы қамауға алынуына байланысты бұрынғы департамент бастығы генерал Берік Біләлов өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жоғары шенді полиция қызметкерлерін ҰҚК қызметкерлері осыдан тура бір ай бұрын қолға түсірген еді. Оларға мүлікті иемдену немесе ысырап ету бабы бойынша айып тағылған.

Ал жаңа басшы – Ақмола облысының тумасы, жасы 45-те.

«Ол қызметін бастаған кезден бері әркез жедел бөлімшелерде жұмыс істеп келеді. Соңғы қызметі де осы саламен тығыз байланысты. Жамбыл облысында бастықтың бірінші орынбасары, ал 2014 жылдан бері Қылмыстық полиция бастығы болып қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде ол басқарған департаментке ең жауапты міндеттер жүктелді», – деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
 

Серіктес жаңалықтары