$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 16:37
Жаңалықтар

Елімізде пойыздардағы өрт қауіпсіздігін тексеру күшейтілмек

Жауаптылар Пәкістанның Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғадан соң темір жолдағы тәртіпті тексере бастады

Елімізде пойыздардағы өрт қауіпсіздігін тексеру күшейтілмек
Фото: kaztag.kz

Қазақстанда жолаушы пойыздарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерулер күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп, республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды», - делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері аумақтық көлікті бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерген. Нәтижесінде 5 136 жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны анықталды, оның ішінде 38-і өрт қауіпсіздігі бойынша кемшілік.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ- 27; «Қала маңы тасымалы» АҚ- 4; «Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган» - 1; «Жеке тасымалдаушылар» - 6 (Марал Нур-3 ЖШС, Nomadas-3 ЖШС) кемшілік анықталған.

Еске салайық, 31 қазан күні Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойыз өртеніп, 73 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары