«Охотзоопром» қызметкерлері киіктерді қыруға өздері жол берген– Ішкі Істер министрлігі
Қылмыстық іс сотқа жіберілді
«Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының» директоры 17 наурызда қорық аумағынан мүйіздері кесілген 154 ақбөкеннің өлі денесі табылғанын полицияға хабарлаған.
Мемлекетке келтірілген шығын - 1 млрд 435 млн теңге.
Қылмысқа сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған аң түрлері мен ақбөкендерді қорғауға міндетті «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері аңшылықты ұйымдастырғаны және олардың екі танысы ақбөкендерді атқаны белгілі болды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өлтірілген киік мүйіздерін сатып алған адамды анықтады. Ол - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Ресей мен Қытайға сату үшін дайындалған ақбөкендердің мүйіздері табылды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.