Зайсанда балық аулауға кеткен екі ер адам суға кетті: олардың мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)

Зайсан көлінде іздестіру жұмысы аяқталды

Зайсанда балық аулауға кеткен екі ер адам суға кетті: олардың мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

ШҚО-да Зайсан көліне балық аулауға кеткен ер адам суға батып кетті. Құтқарушылар олардың мәйітін бір аптадан кейін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам балық аулау үшін 22 қыркүйек күні кеткен. Оларды іздеуге құтқарушылардан бөлек жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен де шықты.

«Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Іздестіру жұмысы барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгіп, жағалау сызығы мен көлдің акваториясын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, тексерді», – делінген хабарламада.

Іздестіру жұмысы ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен су бетіндегі толқынға, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді.