Қазақстанға кемінде 2 мың шақырым жаңа веложол қажет – ІІМ

Бұл туралы Сәденов мәлім етті

Қазақстанға кемінде 2 мың шақырым жаңа веложол қажет – ІІМ
Фото: ЖИ

Қазақстанда кемінде 2 мың шақырымнан астам веложол жетпейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр бұл мәселенің әсіресе ірі қалалар үшін өзекті екенін атап өтті.

«Ел бойынша кемінде 2 мың шақырымнан астам веложол қажет. Бүгінде іс жүзінде бар-жоғы 937 шақырым ғана. Бұл проблема әсіресе мегаполистерде өзекті», – деді Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, Алматыда 12 мыңнан астам самокат бар, ал велосипедке арналған жолдардың ұзындығы 89 шақырым ғана.

Самокаттарды пайдалану тәртібіне де жаңа талаптар енгізілген. Енді олармен тротуарда жүруге тыйым салынып, самокат жүргізушілері жолмен немесе веложолмен қозғалуы тиіс.

«Жергілікті атқарушы органдар бұл мәселені шұғыл түрде қолға алуы тиіс», – деді ІІМ басшысы.